«Мен сіздердің дұғаларыңызға мұқтажбын» — әнші Ердос Қанаев
«Жігіттер» квартетінің әншісі Ердос Қанаев әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялап, қалың көпшіліктен қолдау сұрады. Өнер иесі бүгінде халықтың дұғасына мұқтаж екенін айтты, деп жазады Kznews.kz жаңалықтар порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Эстрада жұлдызы жазбасын Instagram парақшасында бөліскен. Ол табиғат аясынан фото жариялап, оның астында «Дұғаларыңызға мұқтажбын» деген үндеу қалдырған. Әнші өз жазбасымен желі қолданушыларын алаңдатты. Қалың көпшілік өнер иесін сұрақтың астына алып, оның жағдайын білмек болды. Кейбір оқырмандар әртіске тез сауығып кетуін тілеген. «Алла шипасын берсін», «Ердос аға денсаулығыңыз мықты болсын. Бұл нағыз таптырмас байлық», «Ауырмаңыз. Ем болсын», «Алла қолдасын, қорғасын», «Қандай қиындық болса да, шығар жолы бар. Аман есен болыңыз», «Алла өзі берген сынаққа шипаны да өзі береді. Мықты болыңыз», «Өзіңізге, отбасыңызға денсаулық, амандық тілеймін. Бәле мен жаладан, аурудан , түрлі қауіп-қатерден, барлық жамандық атаулыдан Аллам сақтасын», — деп жазуда көпшілік. Алайда Ердос Қанаевтың өзі сырқаттанып қалғаны жөнінде парақшасында ешқандай ақпарат бермеген.