«Мен ғашық болған Мейрамбек». Әнші 21 жастағы суреттерімен жұртты тәнті етті (фото)

0
926
Сурет: instagram.com/m_besbaev/?hl=ru

Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік желідегі парақшасында 21 жасындағы суреттерін бөлісіп, жұртты тәнті етті.

«21.21.21. 21:21 21 жастағы суреттер», — деп жазды ол.

Көпшілік пандемия жоқ кездерді ерекше сағынғанын жеткізді.

«Шіркін, ойда ештеңе жоқ таза кездер-ай. Ауру жоқ зорлық-зомбылық заңы жоқ. Вакцина жоқ. Аман болайық. Бар болайық», «Мен ғашық болған Мейрамбек. Ауырма, өмір жасың ұзақ болсын», «Жүз жасаңыз, қазақтың Мейрамбегі», «Әжем ғашық еді сізге. Әжем көкірегіңізге сіздің суреттеріңізді салып жүруші еді. Алла тіл-көзден сақтасын!» деп жазды желі қолданушылары.

Еске салсақ, әнші Мейрамбек Бесбаев коронавирус жұқтырып, жансақтау бөліміне түсті. Кейін тиісті шаралар жасалып, оның беті бері қарағаны белгілі болды.