Демалмай тұрып суретке түскен депутаттарға айыппұл салынуы мүмкін

0

Семей қалалық мәслихаты депутаттарының медициналық маскасыз әрі арақашықтықты сақтамай түскен суретіне қатысты СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, фотосессия жасалған сәтте өңірлік бас санитар дәрігердің қаулысы күшінде болған. Қаулыда жабық ғимараттарда міндетті түрде маска режимі мен кем дегенде 2 метр әлеуметтік арақашықтық талабы сақталу керек екені жазылған. Қазір аталған факті бойынша санитарлық дәрігерлер тексеріс жүргізуде.

«Нәтижесі бойынша кінәлі адамдарға ҚР Әкімшілік кодексінің 425 бабы, 1 бөлімі (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады», — деп хабардар етті департаменттен.

Сонымен бірге мамандар азаматтарға үндеу жасап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Семей қалалық мәслихатының жаңа шақырылымындағы депутаттарының естелікке түскен ұжымдық суреті тарап, талқыға түскен еді. Суреттер екі нұсқада түсірілген: бірінде депутаттар бетперде таққан, екіншісінде маскасыз отыр, сонымен қатар әлеуметтік арақашықтық сақталмаған. Бұны аңғарған желі қолданушылары карантин шараларын сақтамаған депутаттарды сынға алған. Көпшіліктің сынына Семей мәслихатының хатшысы Бейсенбек Ақжалов жауап берді.