«Мен бұрын шоқынғанмын»: Бүркіттің жары Аиша ел білмеген сырларын айтты

0
515
Advertisement

Бүркіт пен Аиша карантин уақытында онлайн-сұхбат берді. Сұхбат барысында Аиша ислам дініне қалай бет бұрғанын айтты.

Бүркіт пен Аиша Ләйлә Сұлтанқызымен сұхбаттасты.

Аиша әңгіме барысында бұрын шоқынғанын айтып қалды. Аиша есімі өзінің мұсылмандық есімі екенін айтты.

«Менің анам орыс. Мен өзім де бұрын шоқынғанмын. Есімім Виктория. Тұрмысқа шығар алдында ислам дінін қабылдадым. Сол кезде мұсылманша Аиша есімін алдым», – деді Аиша.

Бүркіт Аишаның есімі лақап аты емес, өз аты екенін, мұсылмандық есімі екенін тағы да еске салды.

«Көпшілік ойлап жатады Аишаның бұл есімі лақап аты деп. Бұл мешіттен алға аты. Некемізді қиғанды Аиша мұсылман дінін қабылдады. Сосын Аиша атанды», – деді Бүркіт.

Аишаның айтуынша, ислам дінін қабылдамай тұрғанда да ол сахнаға Бүркітпен бірге Аиша есімімен шыққан.

«Маған Аиша деген есім қатты ұнайтын. Кейін мешітте мұсылман дінін қабылдағанда осы есімнің ұнайтынын айттым», – деді ол.

Желі қолданушыларының кейбірі үшін бұл айтарлықта жаңалық болды. Себебі Аишаның бұрын шоқынғанын, анасы орыс екенін, есімі Виктория болғанын білмейтін жандар баршылық.

«Өзге дін адамының мұсылман болуына себепш болғаны үшін Бүркіт үлкен сауап алады Алла қаласа», «Ол үлкен сауап», «Сіздерге тек бақыт тілеймін, өте жарасымды жұпсыздар», – деп жазды желідегілер.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз