«Мен адаймын!». Ақтауда ер адам жерде жатқан азаматты аямай соққыға жықты (видео)
Ақтауда ер адам жерде жатқан азаматты аямай соққыға жықты.
Әлеуметтік желіде ер адамның екінші бір адамны ұрып жатқан сәтінде түсірілген видео тарады. Видеодан ер адамның жұдырықпен бірнеше рет ұрғанын көруге болады.
Сондай-ақ, ол ұрып жатып «Мен адаймын!» деп айқайлайды.
Оқиғаға Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Қоғамдық орында төбелес ашқаны үшін шара қолданылады. Ер адамдар жауапкершілікке тартылады», — деді ведомстводағылар.