Мемқызметшілер енді қымбат дүниелер сатып ала алмайтын болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі
Құрметті кеңеске қатысушылар!
Баршаңызға мәлім, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу – біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі.
Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек. Біз соңғы жылдары осы салада бірқатар маңызды қадам жасадық.
Соттардың сапалы қызмет атқаруы үшін нақты шаралар қабылданды. Бұл салада талапқа сай келмейтін судьяларға орын болмауға тиіс.
Кейінгі үш жылда 174 судья жұмыстан шығарылды, я болмаса лауазымы төмендетілді. Бұл – осыған дейінгі он жылдағы көрсеткіштен үш еседей артық. Былтырғы шілде айынан бастап елімізде әкімшілік әділет жүйесі жұмыс істей бастады.
Жаңадан құрылған әкімшілік соттарға жарты жылдың ішінде 14 талап-арыз түскен. Бұрын мұндай істердің 85 пайызы мемлекеттік органдардың пайдасына шешілетін. Ал қазір тең жартысында сотқа арызданушылар жеңіп шығуда.
Қылмыстық процестің үш буынды үлгісі енгізілді. Соның нәтижесінде прокурорлар былтыр үш жарым мыңға жуық адамның қылмыстық процеске негізсіз тартылуына жол берген жоқ. Басқа да бірқатар институционалдық шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды.
Соттарға, құқық қорғау қызметкерлеріне, пара бергендерге және делдалдарға қатаң жаза қолданылатын болды.
Былтырдан бері жалпыға бірдей салық декларациясын тапсыруды бастадық. Осы және басқа да шаралар айтарлықтай нәтиже беріп, жемқорлық деңгейі төмендеді. Дегенмен түбегейлі өзгеріс әкелген жоқ. Мұны ашық айтуымыз керек. Азаматтарымыз әлі де күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық жағдайларымен бетпе-бет келуде. Мысалы, академиялық адалдық қағидатын берік ұстанатын жоғары оқу орындарының қатары, өкінішке қарай, өте аз. Соның кесірінен студенттер емтихан тапсыру үшін тапжылмай оқудың қажеті шамалы деп ойлайтыны жасырын емес.
Заңсыз алым-салықтан әбден қажыған инвесторлар мен кәсіпкерлер де үнемі шағым айтуға мәжбүр. Әсіресе, мұндай ахуал кеден және құрылыс саласында белең алған. Біз бұған мүлдем жол бермеуіміз керек.
Азаматтар мен кәсіпкерлерге пайдасы тиетін нақты өзгеріс жасауға тиіспіз. Сондықтан менің тапсырмам бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы әзірленді. Жалпы тұжырымдамада сыбайлас жемқорлықпен күресуге арналған ауқымды шаралар қарастырылған.
Еліміздің құқықтық жүйесі үшін мүлде жаңа институттар бар. Мемлекеттік қызметшілердің жылжымайтын мүлік, автокөлік және басқа да қымбат дүниелер сатып алуы қатаң бақылауға алынады. Сонымен қатар шенеуніктердің адалдығын тексеруге арналған «Integrity check» әдісін атап өтуге болады. Әрине, бұл ұсынысты әлі де жан-жақты пысықтау қажет. Дегенмен халықаралық тәжірибеде мұндай тексерістер жақсы нәтиже көрсетуде. Басқа да бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыруымыз керек. Сондықтан бүгін маған таныстырылған тұжырымдаманың жобасын бекітемін. Алайда жұмыстың тиімділігін нақты нәтиже бойынша бағалайтын боламын.
Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру. Жемқорлықты жою үшін оған бүкіл ел болып қарсы тұруымыз керек. Оған қоса заңнамалық шаралар қабылдауға тиіспіз. Сонымен бірге жемқорлыққа қатысты қылмыстарды анықтау және ашу жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет. Сонда ғана жемқорлықпен табанды түрде күресе аламыз.
Эффективная борьба с коррупцией немыслима без сугубо правоохранительной работы. Многие годы она сводилась к поимке взяточников с поличным без глубокого погружения в тему. Разные люди изобличались на одних и тех же должностях за решение одних и тех же вопросов. Коррупционеров регулярно ловили и отправляли за решетку, а причины и условия, из-за которых процветала коррупция, никого особо не интересовали.
Лишь в последние годы наметился отход от этой практики.
Здесь можно отметить выявление коррупционных схем, связанных с субсидиями в сельском хозяйстве. За последние пять лет государство выделило на поддержку аграриев более двух триллионов тенге. За это же время в данной сфере зарегистрировано 960 преступлений, к уголовной ответственности привлечено 450 лиц.
Бұл сала жылдар бойы жемқорлыққа белшеден батуда. Соның кесірінен мемлекет үлкен зиян шекті, азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келді. Атап айтқанда, жайылымдық жерлерді суландыруға бөлінген 80 миллиард теңгенің тең жартысы мақсатқа сай жұмсалмаған.
Былтыр қуаңшылық болған кезде шаруалар жем-шөп таппай, мал қырылып қалды. Тіпті, кейбір өңірде шаруаларға субсидия ретінде күн батареясы берілген. Ашығын айтқанда, бұл батареялар ауыл тұрғындарына не қажет екеніне ешкім бас қатырмаған. Субсидияны игердік деп есеп беру үшін сол күн батареяларының бағасы еселеп көрсетілген. Мұның бәрі уәкілетті органдардың жауапсыздығынан болған. Тіпті, кейде мемлекеттік органдардың өздері тікелей араласып, заңсыз әрекет жасаған.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдер мұндай былыққа жол бергені үшін жауап беруі керек. Бұл салада жемқорлыққа қатысты дау-дамай жиі туындайды. Біресе элеваторда сақтау үшін берілген астық көлемі туралы жалған қолхаттарға қатысты шу шығады. Біресе су шаруашылығынан шикілік туындайды.
В стране действует более шестиста только официальных информационных систем и баз данных. Неизвестно, сколько еще нефункционирующих, на которые также выделялись деньги государства и национальных компаний. Необходимо провести ревизию всех информационных систем, разработанных государственными структурами.
В работе по цифровизации должны быть четко расставлены приоритеты. Одно дело, если это такой проект, как «Электронное правительство», который реально облегчает получение государственных услуг. Или «Сергек», укрепивший водительскую дисциплину на дорогах и исключивший человеческий фактор в фиксации дорожных нарушений. Кстати говоря, эти камеры, которые мы сейчас поставили во многих крупных городах, играют очень положительную роль. Надо увеличить количество данных камер. Я дал поручение по Алматы, где более 500 камер были специально выведены из строя бандитами во время известных событий. Нужно не только восстановить, но и увеличить количество камер. Дело не в том, что мы собираемся установить какой-то тотальный мониторинг или слежение за действиями наших граждан. Это вопрос их безопасности. И другой момент, когда под предлогом цифровизации бюджет расходуется бездумно. У нас это было. Надо признать. А потом еще ежегодно кто-то получает миллионы за обслуживание ненужных ресурсов. Антикоррупционной службе при анализе коррупционных рисков нужно обратить на это внимание.
Біз жемқорлыққа қарсы күресте барынша қатаң және батыл болуымыз керек. Өйткені қазіргідей күрделі кезеңде азаматтарымыз бізден дәл осындай қадамдарды күтіп отыр.
Халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмысын жақсарту үшін нақты нәтижеге қол жеткізуіміз керек. Сондықтан, жемқорлыққа қарсы қызметтің барлық бағытын түбегейлі қайта қарау қажет.
БІРІНШІ. Кәсіпкерлердің және қоғамның сыбайлас жемқорлық туралы талап-тілектері бойынша жүйелі жұмыс жүргізуіміз керек.
Жұртшылық жемқорлыққа қай жерде және қандай жағдайда тап болатынын үнемі айтумен келеді. Қазақта «Халық айтса, қалт айтпайды» деген сөз бар. Ең алдымен, ел назарындағы осындай түйткілдерге баса мән берген жөн.
Бұрын жылжымайтын мүлікті тіркеу әбден жемқорлыққа батқан саланың бірі болатын. Оны ретке келтіру үшін кешенді шаралар қолға алынды. Соның нәтижесінде ұзын-сонар кезек жоғалып, пайдакүнем делдалдарға тосқауыл қойылды, яғни жүйелі жұмыстың арқасында қауіпті кесел жойылды. Бұл – жемқорлықпен тиімді күресудің нақты мысалы. Сондықтан, кеден, құрылыс, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жемқорлықпен күресуге баса мән беру керек. Жауапты министрліктер осы бағыттар бойынша жемқорлықты жүйелі негізде жою жөнінде жоспар әзірлеуі қажет. Бұл жоспарды бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша мұқият пысықтап, ұсынуды тапсырамын.
Барлық іс-шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен келісу қажет. Құзырлы органдардағы бірінші басшылардың жұмысын жемқорлықпен күрес көрсеткіші арқылы да бағалайтын боламын. Бұл мәселеге жыл соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында қайта ораламыз.
ЕКІНШІ. Мемлекет реттейтін бағаларды белгілеу кезіндегі жемқорлықты жою қажет.
Былтыр елімізде баға күрт көтерілді. Әрине, әлемнің барлық мемлекетінде инфляция деңгейі жоғары болды. Дегенмен, тиісті уәкілетті органдар бағаны белгілеген кезде оның қаншалықты негізді екенін мұқият қарауы керек. Мұның астарында экономикалық себептен бөлек, біреудің жымысқы әрекеті жатқан жоқ па деген сауал туындайды. Мысалы, отандық өнім өндірушілер темір жол саласын жемқорлық жайлағанын айтып, үнемі шағымданады.
Кәсіпкерлер нақты бір нысанға апаратын темір жолды пайдаланғаны үшін төлейтін ақының көлеміне байланысты наразылық білдіруде. Осыған орай, бір уақытта бірнеше өңірден – Қостанай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола және Павлодар облыстарынан арыз түскен. Монополист компаниялар бағаны өз бетімен еселеп өсірген. Бұл халық тұтынатын тауарлардың бағасына бірден әсер етеді.
Мен бір жыл бұрын Бәсекелестікті қорғау агенттігіне Бас прокуратурамен бірлесіп, осы мәселемен айналысуды тапсырдым.
Бірақ «Баяғы жартас – бір жартас» күйінде қалды. Кейбір адамдардың тұтынушы мен кәсіпкердің есебінен ғана пайда тауып отыруы дұрыс емес. Президент Әкімшілігіне бұл мәселені бақылауға алуды тапсырамын.
Монополистердің заңсыз тапқан табысын қайтарып, атқарылған жұмыстар жөнінде маған баяндаңыздар. Өз пайдасы үшін өзгелермен сыбайласқан шенеуніктер бар ма, соны да анықтау керек. Жалпы, бағаны қолдан өсіруге мүлдем жол бермеу қажет.
ТРЕТЬЕ. Нужно пересмотреть всю систему госзакупок и закупок в квазигосударственном секторе. Мы об этом говорим из совещания в совещание, и в Послании я уже говорил. Надо решать этот вопрос.
Много лет коррупция и расточительство наблюдаются на всех этапах бюджетного процесса. Принимаемые меры ситуацию существенно не поменяли. В основном контролируются и соблюдаются формальные правила, громоздкость которых отпугивает добросовестных поставщиков.
Нужно, чтобы в госзакупках участвовали производители, имеющие репутацию, соответствующую технику, квалифицированных работников и своевременно уплачивающие налоги.
Сейчас же мы видим, что вместо реального искоренения коррупции происходит бюрократизация процесса. Много месяцев идут процедуры выбора поставщика, но все равно нет ни качества, ни добропорядочности. В общем, разные схемы применяются, какие-то изменения имеют место, но на самом деле, по сути, ничего не происходит.
Зачастую, несмотря на все имеющиеся нормативные фильтры, заведомо известно, кто выиграет тот или иной тендер. К примеру, за два года Казавтожол провел 99 конкурсов по закупкам услуг технического надзора. Половину из них выиграли четыре компании с явными признаками аффилированности. При этом в стране есть более двух тысяч аккредитованных организаций и шести тысяч аттестованных экспертов. Но при этом нужно исходить из того, что и компаниям, которые демпингуют, тоже нельзя давать дорогу к государственным закупкам. А то выставляют свои условия «на копейку», а потом выясняется, что на самом деле все обстоит иначе. Тут надо подходить очень внимательно, вдумчиво. Поэтому стоит ли удивляться тому, что в госзакупках редко участвуют серьезные компании международного уровня. А нам нужны серьезные компании с международной репутацией, это однозначно.
В целом необходимо детально пересмотреть работу квазигосударственного сектора с точки зрения коррупционных рисков и расточительства.
Ситуацию также усугубляет коррумпированность органов финансового контроля. Антикоррупционной службой выявлены факты, когда специалисты внутреннего госаудита сами организовывают жалобы. Затем по ним опять же сами проводят проверки, преследуя свои корыстные цели. За прошлый год только от одного ТОО подано 1600 таких жалоб, из которых 900 – удовлетворено. При этом другие, реальные, обращения игнорируются.
Поэтому Правительству совместно с агентствами по противодействию коррупции и финансовому мониторингу требуется кардинально изменить подходы к регулированию закупок государства и квазигосударственного сектора, включая систему государственного контроля в этой сфере.
ТӨРТІНШІ. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты бақылауды күшейту қажет.
Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігі мемлекеттік сатып алу рәсімдерін айналып өтетін болып жүр. Мен осы мәселеге ірі бизнес өкілдерімен кездесуде арнайы тоқталдым. Ашығын айтсақ, бұл жобаларды жүзеге асыру – мемлекет үшін қарызға ғимарат салып беру деген сөз. Мысалы, әлдебір пысық кәсіпкер өзінің шығынын көп ұзамай қайтарып алатынын біліп, бәсекеден тыс тапсырыс алады. Бұл – шын мәнінде, қаржысы бөлініп төленеді демесеңіз, бір көзден сатып алу емес пе?! Мәселені тез арада шешіп, осы саланы реттейтін шаралар қабылдау керек. Жұмыстың нәтижесі бойынша Үкімет мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы заңды түбегейлі жаңарту мәселесін қарастыруға тиіс.
БЕСІНШІ. Салық және кеден саласындағы жемқорлықты жою қажет. Мұнда жемқорлық жасауға мүмкіндік беретін күрделі әрі күмәнді ресімдер бар екені жасырын емес. Тіпті, мемлекеттік мекеменің бір мәселе бойынша өз қалауымен түрлі шешім қабылдауына жол берілген.
Еркін экономикалық аймақта сатылатын өнімге қосымша құн салығы салынбайды. Бірақ, жемқорлар тауарды қағаз жүзінде ғана көрсетіп, жеңілдікті салықтан жалтару үшін пайдаланып жүр. Түйткілді шешу – Қаржы министрлігінің тікелей міндеті.
Кеден саласындағы мәселелерге бөлек тоқталайын. Мен бұған дейін кеденнен түсетін табысты арттыру туралы бірнеше рет тапсырма бердім. Ондағы көлеңкелі айналымның ауқымы орасан зор. Қаржы министрлігі бұл бағытта нақты жұмыс атқаруда. Электронды декларация және тәуекелдерді басқару жүйесін енгізіп, түрлі ақпараттық базаларды біріктіріп жатыр. Құқық қорғау органдары кеденнің төңірегіндегі қылмыстық топтарды анықтап, тергеу жүргізуде. Дегенмен бұл жұмыс нәтиже бермей отыр.
Қытаймен өзара сауда-саттық туралы екі елдің статистикалық мәліметтері екі түрлі. Олардың арасында миллиардтаған доллар айырмашылық бар. Былтыр бұл көрсеткіш 5,7 миллиард долларға жетті. Мұндай үлкен айырмашылық қалай пайда болғанын ешкім түсіндіріп бере алмады. Ашығын айтқанда, бұл – контрабанда.
Келеңсіздіктің бар екенін кәсіпкерлер де растап отыр. Сауалнамаға қарасақ, шетелмен сауда жасайтын адамдардың 90 пайызы жемқорлықпен бетпе-бет келген. Оның ішінде 45 пайызы кеденшілерге пара беруге мәжбүр болған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысындағы үш көліктік бақылау бекетін жемқорлық әбден жайлағанын анықтады. Елімізде мұндай 49 бекет бар. Кеден және көліктік бақылау саласындағы парақорлық транзиттік әлеуетімізді толық пайдалануға мүмкіндік бермей отыр.
Қазақстан географиялық тұрғыдан ұтымды жерде орналасқан. Көлік-транзит саласының жұмысын дұрыс ұйымдастыра алсақ, одан түсетін табыс ұлттық экономиканың маңызды салаларының үлесінен кем болмайтыны анық. Өкінішке қарай, халықаралық тасымалдаушылар, көбінесе, Қазақстанды айналып өтеді. Оның басты себебінің бірі – жол бойындағы жемқорлық.
Үкіметке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, шұғыл түрде осы салада тәртіп орнатуды тапсырамын.
АЛТЫНШЫ. Азаматтар арасында ақпараттық түсіндіру жұмысын күшейту қажет.
Жемқорлықпен күреске бүкіл қоғамды жұмылдыру керек. «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» деген қағиданы жұрт санасына орнықтыру – барлық мемлекеттік органның ортақ жұмысы. Бұған бір реттік науқан ретінде қарамау керек.
Жемқорлықпен күресті заманауи, сапалы тәсілдер арқылы жүргізіп, түрлі аудиторияларға барынша таратқан жөн. Бұл жұмысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әлеуметтік салаға жауапты министрліктермен бірлесіп атқаруға тиіс.
СЕДЬМОЕ. Необходимо продолжить внедрение принципов проектного управления в госаппарате.
Председатель Агентства уже рассказал о предпринимаемых мерах в данном направлении.
Разработка Концепции антикоррупционной политики также осуществлялась на основе этих подходов. Они предполагают минимизацию коррупции с указанием конкретных ответственных лиц, четких целей, задач и сроков, измеримых индикаторов.
Для системного продвижения принципов проектного управления создан Национальный проектный офис.
Между тем приходится констатировать, что пока не все госслужащие понимают суть проектного управления, обладают необходимыми знаниями и навыками. А мы сейчас ставим задачу – создание «облачной платформы», то есть это новый уровень управления экономикой и всеми общественными процессами. Поэтому государственным служащим нужно однозначно перестраиваться.
Всем государственным органам следует активно вникать в новые форматы работы и использовать их на практике. В целом надо отходить от старых административных методов и повсеместно переориентироваться на современные технологии управления.
Уполномоченному органу по делам госслужбы предстоит полностью перезагрузить систему государственной службы, чтобы она на деле стала сервисной и клиентоориентированной.
Құрметті жиынға қатысушылар!
Қоғамның басты талабының бірі – әділдік пен заң үстемдігін орнату. Бұл жолдағы ең үлкен кедергі сыбайлас жемқорлық екені сөзсіз. Біз осы қоғамдық кеселді қалайда жеңуіміз керек. Бұған қатысты менің ұстанымым өзгермейді.
Жемқорлықпен батыл күресіп жүрген азаматтарға барынша қолдау көрсетемін. Бұған еш күмән болмауы қажет. Ал, міндетін адал атқарғысы келмейтін адамдарға біздің қатарымызда орын жоқ.
Олармен сөз де – басқа, жолымыз да – бөлек.
Осымен, жиналыс аяқталды.
Баршаңызға сәттілік тілеймін.
Аман-сау болыңыздар.