Домой Жаңалықтар Сәбит Әбдіхалықов әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алды (видео)

Сәбит Әбдіхалықов әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алды (видео)

0
1034

Бірер күн бұрын ұлды болған Сәбит Әбдіхалықов келіншегі мен жаңа туған баласын перзентханадан шығарып, үйіне алып қайтты. Ерекше сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп жазады KZNEWS.KZ.

Актердің досы, тележүргізуші Рахман Омар Instagram парақшасында перзентханадан видео жариялады. Динара Абдуллина мен жаңа туған нәрестені шығарып алуға жұлдызды жұптың жақын достары мен әріптестері келген. Олардың арасында Жанатбек Бәйтеков, Рахман Омар мен және Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік жасөспірімдер театрының ұжымы бар. Айта кетейік, өткен аптада Сәбит Әбдіхалықовтың жары Динара Абдуллина ұл баланы дүниеге әкелген. Бұл өнер иесінің үшінші некедегі екінші перзенті. Ерлі-зайыпты оған Елубай деген есім берген. Актердің бірінші некеден бір ұлы, екінші некеден төрт қызы бар.