Мемқызметкерлер заңсыз алған сыйлықтарын қорға өткізуде

0
23 Қараша 2018, 21:55 16 0

Астана, BAQ.KZ. Қызылордалық 8 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін азаматтардан алған сый-сияпатын арнайы қорға өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан бері мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне 22 сыйлық тапсырылған. Жалпы 2016 жылы 1, өткен жылы 3 мемлекеттік қызметкер құны 2 айлық есептік көрсеткіштен асатын сыйлығын өткізген. Арнаулы қордағы құнды заттар нарықтық бөлшек саудаға шығарылып, түскен қаржы республикалық бюджетке аударылады.

Мемлекеттік қызметшілер сондай-ақ бекітілген нақты жұмыс кестесіне көшіп жатыр. Яғни жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін кеңседе қалмауды бақылайтын қондырғы 18 басқармада іске қосылды. Сондай-ақ 5 мемлекеттік мекеменің компьютерлері кешкі 6 жарымда автоматты түрде сөнеді.

«9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Соған сәйкесінше, облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы айлық жарияланды. Мереке қарсаңында мемлекеттік орган қызметкерлері мен басшылары, квазимемлекеттік сектор мекеме, кәсіпорындар басшыларына толықтай үндеу жарияланып, мерекелік сыйлықтардан бас тарту мәселесі және оны қабылдаудың, алудың, берудің арасындағы заңдық жауапкершілік ара салмағын түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіліп жатыр», — дейді Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІҚА облыстық департаментінің басшысы, Абзал Мұхимов.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ