Мемлекеттік қызметшілердің туыстарына сыйлық алуға тыйым салынады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарады

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің өздеріне ғана емес, сонымен қатар отбасы мүшелеріне де сыйлық қабылдауға тыйым салынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Заң жобасында мемлекеттік қызметшілердің туыстарына сыйлық қабылдауға тыйым салатын норма көзделген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын тұлғалардың отбасы мүшелеріне материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауға тыйым салынады», – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов.

Сонымен қатар, мемлекеттік лауазымға немесе оларға теңестірілген міндеттерді атқаруға байланысты лауазымға үміткер адамдар ұйым басшылығын осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы немесе жекжаттары туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер тарайтын тұлғаларға сыйлық сыйлауға мүлде тыйым салынып отыр. Қолданыстағы заңнама бойынша мемлекеттік қызметшілерге құны 10 АЕК дейінгі (27 780 теңге) сыйлықтарды тарту етуге болады.

Оқи отырыңыз: Қандай мемлекеттік қызметшілердің демалыс күні қысқарады

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз