Мемлекеттік марапаттарға ие болды
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін «Ақтөбе қаласы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» ҚБ төрайымы Қ.Бәйменова, Жамбыл облысының «Шәушен» ШҚ басшысы С.Дөненбаев және Шымкент қаласының «А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі А.Соловьеваға берілді.
«Отан» орденімен − «М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» РМҚК көркемдік жетекшісі Р.Андриасян, І дәрежелі «Барыс» орденімен − «Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры» РМҚК директоры Б.Аюханов, қоғам қайраткері Ж.Кәрібжанов, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен − «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ басқарма төрағасы А.Байгенжин, жазушы Қ.Жұмаділ, «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ профессоры С.Оразалы, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен − Ұлттық банктің бас маманы-жобаның бас дизайнері М.Әлі, Қостанай облысының «Агрофирма «Диевская» ЖШС бас директоры О.Даниленко, «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» РММ профессоры Р.Елешев, Қызылорда облысының «Рза» АҚ президенті С.Имандосов, Қарағанды облысының «Қайнар» ЖШС директоры С.Нығметов, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңес төрағасының бірінші орынбасары Ө.Озғанбаев және басқалар марапатталды.
Бір топ белгілі ғалымдар мен мәдениет, білім қайраткерлері, өндірістік сала өкілдерінің еңбегі «Парасат» орденімен атап өтілді, олардың арасында «М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК әртісі Ғ.Әбдінәбиева, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы» МКҚК әншісі Х.Бердіғалиев, «Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясы» МКҚК оркестрінің бас дирижері А.Жайымов, киноактер А.Ысмағұлов, Павлодар облысының «Галицкое» ЖШС директоры А.Касицин, Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Келемсейіт, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ басқарма төрағасы А.Күрішбаев, жазушы М.Сәрсеке, Атырау қаласының «Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы − дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар мамандандырылған мектеп» ММ директоры Д.Таскарина, Шығыс Қазақстан облысының «Элхон» ЖШС директоры Л.Тумашинов, «Шымкент қаласының №9 көркем гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры Ә.Юсупова бар.
ІІ дәрежелі «Достық» орденіне дипломатиялық қызметтің ардагері А.Арыстанбекова, Жамбыл облысының «Вынхуа» дүнген мәдени орталықтарының қауымдастығы» ҚБ құрметті президенті Л.Буларов, «Эйр Астана» АҚ президенті П.Фостер, Астана қаласының «Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік қазақ драма театры» МКҚК көркемдік жетекшісі Т.Теменов, «Әзербайжандар қауымдастығы» РҚБ жетекшісі А.Хамедов және басқалар ие болды.
«Құрмет» орденімен марапатталғандар қатарында жазушы З.Асабаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ − «Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының жол шебері Р.Аташев, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» КЕАҚ жетекші балет солисі М.Басбаева, айтыс ақыны Ә.Беркенова, Түркістан облысының «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКҚК бөлім меңгерушісі Н.Жарқынбекова, «М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» РМҚК әртісі Н.Жмеренецкая, «Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті» РМК профессоры К.Жолдасова, Қарағанды қаласының «Лайықты өмір» мүгедектерді оңалту орталығы» облыстық ерікті мүгедектер қоғамының төрағасы А.Ивкин, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» РМК баспашысы Қ.Ыдырысов, фристайл-могулдан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Е.Круглыхина, Астана қаласының «№73 мектеп-лицейі» КММ мұғалімі Т.Мыңжасарова, «Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті» РМК ректоры А.Нұхұлы, «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ММ Алтайтану орталығының директоры Қ.Сартқожаұлы, «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ кафедра меңгерушісі Д.Тұранқұлова бар.
Өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа материалдық өндіріс салаларының 88 жұмысшысы мен еңбеккері ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегерлері атанды.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым және мәдениеттің 35 көрнекті өкіліне берілді. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 326 адам наградталды.
Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.
Наградталғандардың тізімі жергілікті баспасөзде жарияланады.
Дереккөз: http://egemen.kz/