Биылғы ҚПЛ-дегі үздік голдар рейтингін «Ақтөбе» шабуылшысы бастап тұр » Vesti.kz

0
«Ақтөбе» шабуылшысы Маркос Пиззеллидің премьер-лиганың 16 туры аясында «Шахтер» (2:0) қақпасына салған голы биылғы маусымдағы ең үздік мойындалды, — деп хабарлайды ҚКФЛ сайты.

Қазақсатнның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) дауыс беру қорытындысын шығарды. Жанкүйерлерге тоғыз нәтижелі соққыға дауыс беру ұсынылды.

Пизелли мұның алдында биылғы премьер-лиганың үздік футболшысы деп мойындалып, чемпионаттың үздік 22 футболшысының қатарына кіргенін айта кету керек. Бұл маусымда ол 24 матчта ойнап, 18 голмен бомбардирлер сайсында көшбастады. 

Үздік голдар рейтингінде екінші — «Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов («Қайрат» қақпасына салғаны голы). Үздік үштікте «Қайрат» вингері Исаэль және оның «Атырауға» салған голы.

Маусымның үздік үш голы:
1. Маркос Пиззеллидің голы («Ақтөбе» — «Шахтер» 2:0) — 2106 дауыс;
2. Марин Томасов голы («Астана» — «Қайрат» 3:2) — 1167 дауыс;
3. Исаэль голы («Атырау» — «Кайрат» 1:3) — 851 дауыс.

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/