Қазақстан Даму банкінен қомақты несие алған олигарх кім?
Қазақстандық олигарх Болат Өтемұратов алтын өндіретін RG Gold және RG Processing компанияларының активтеріне иелік етеді.
Dalanews.kz басылымының хабарлауынша, Өтемұратов алтын өндіру бизнесіне Қазақстан даму банкінен Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2010-2014 жылдары және 2015-2019 жылдары жалпы 126,8 млрд теңге несие алған.
Алтын өндірісі еліміздегі ең табысты салалардың біріне Қазақстан даму банкі олигархтың алтын өндірісін қолдауға қомақты несиені неге бөлгені түсініксіз.
Shishkin_like каналы RG Gold, RG Processing компаниялары Назарбаев отбасына жақын жүретін Болат Өтемұратовқа тиесілі екенін жазған.
2022 жылы мамыр айында 64 жастағы Болат Өтемұратов 2,8 млрд доллар байлығымен еліміздегі бай адамдардың тізімінде алтыншы орынға жайғасқан.
ForteBank-тің 89,35%-ы (банктың капиталы 277,7 млрд теңгені құраса, жалпы активі 2,42 трлн теңгеге жеткен), бұдан басқа «КаР-Тел» ЖШС-ның 25%-ы, «Sky Mobile» компаниясының 49,9%-ы Болат Өтемұратовтың қарамағында екенін еске саламыз