Қарағандыда жол апатынан бүтін бір отбасы қаза тапты

0

Қарағанды облысында жол апатынан бір отбасының мүшелері қаза тапты. Бір бала ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 26 тамызда сағат шамамен 23.30-да «Балқаш-Приозерск» тасжолындағы Гүлшат ауылына 23 шақырым жерде 35-жастағы «Опель Вектра» жүргізушісі жөндеу жүріп жатқан жабық жолда (ескерту жол белгілері бар) 25-жастағы азаматтың басқаруындағы «Хово» автомашинасымен бетпе-бет соқтығысқан.

«Опель Вектра » автомашинасының жүргізушісі, оның 35-жастағы жұбайы, олардың кәмелетке толмаған үш балалары оқиға орнында қаза болды, бір бала медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған дерек полицияда тіркелді және тағайындалған қажетті сараптама қорытындылары бойынша процессуалдық шешім қабылданады.