Мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталған қытайтанушы Константин Сыроежкин бостандыққа шықты
Мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталған Константин Сыроежкин бостандыққа шықты. Ол елге сатқындық жасады деп айыпталған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратты қазақстандық саясаттанушы Антон Морозов Facebook парақшасында мәлімдеді.
«Профессор Сыроежкин мерзімінен бұрын бостандыққа шықты», – делінген хабарламада.
Морозов ғалыммен бірге көшеде көліктің жанында түскен фотосурет жариялады.
2006 жылдан бастап Константин Сыроежкин Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері болды.
Ол сонымен қатар Қазақ КСР Ғылым Академиясының ұйғырлану институтында (1986-1992); Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Шығыстану орталығында (1992-1996) жұмыс істеді. Бірқатар ғылыми және әдеби еңбектердің авторы.
2019 жылдың мамыр айында оның ұсталуы туралы ақпарат пайда болды. Сыроежкин елге сатқындық жасады деген күдікке ілінген. Ал 2019 жылдың қазанында ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Саясаттанушы жазасын өтегеннен кейін елден шығарылатыны да айтылған еді.
Ол бес жыл қамауда отырғаннан соң мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.