Мемлекет Мамаситаны мамалатуы мүмкін

0

Қазақстандық блогер Супермамаситадан (Әлия Байтуғаева) «қызыл жіп» сатып алғандар, егер «бала таппасақ, блогердің үстінен шағым түсіреміз» деп, форумдарда жаза бастады.

Супермамасита марафон өткізіп, бала табуға, қызметте өсуге көмектесетін «қызыл жіпті» 4500 теңгеден сатқан болатын. Оны сатып алғандардың 95 пайызы бала тапқысы келетін әйелдер, 5 пайызы қызметте өскісі келетін ер кісілер болған.

Қазіргі ақпарат бойынша 90 мың адам қызыл жіп сатып алған. Онда выручка 405 миллион теңге болады. Бұл ретте Мемлекеттік кірістер департаментінің Супермамаситадан жеке табыс салығы ретінде (10%) 40 миллион теңге өндіріп алуға толық құқығы бар.

Ал кем дегенде 80 мың келіншек енді топырлатып бала таппаса, Мамаситаның үстінен «Алаяқтық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, бас бостандығынан да, 405 миллион теңгеден де айрылатын болады.