Мемлекет басшысы Өзбекстан президентіне қоңырау шалды

Қысқа сілтеме алу
Қазақстан президенті Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, мемлекеттік қызметіне табыс тіледі
НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі», — деп жазылған хабарламада.
Президенттер екі ел ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 14-15 сәуірде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.
Тағы оқыңыз: АҚШ президенті Тоқаевқа жеделхат жолдады
Мемлекет басшысы Өзбекстанмен көпжақты байланыстарды кеңейтуге мүдделілік танытты.
sputniknews.kz