Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрайымы Н.Годунованы қабылдады

0
110
Advertisement

Кездесуде мемлекеттік бюджеттің игерілуін тексеру, тиімді жұмсалуын бақылау барысы баяндалды.

Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Кездесуде мемлекеттік бюджеттің игерілуін тексеру, тиімді жұмсалуын бақылау барысы баяндалды. Наталья Годунова қаржылық заң бұзушылықтардың айтарлықтай азайғанын алға тартты. Оның айтуынша, көрсеткіш үш есеге төмендеген. Бұған есеп комитетінің құзіретін кеңейту жұмысы оң әсер еткен.

Наталья Годунова, есеп комитетінің төрайымы:

– Сіздің тапсырмаңыз бойынша тиімділік аудитіне көшуді бастап кеттік. Бір жылдың ішінде 430 млрд теңгенің қаржылық заңбұзушылығы анықталды. Бірақ біз әлемдік тәжірибеге сүйеніп, процедуралық қателіктерді заңбұзушылық деп есептемейтін болдық. Егер нақты қаржылық бұзушылықтарды есепке алсақ, оның көлемі бар болғаны 16 млрд теңгеге жетті. 2017 жылы бұл көрсеткіш 70 млрд теңге болды. Сондықтан қаржылық тәртіп орнады деп айтсақ болады. Бұған қоса тиімсіз жоспарланған қаржылар екі есе көбейді. Бұл біздің алдын ала талдау жұмысымыздың нәтижесі. Біз республикалық бюджет жобасын да тексере аламыз. Соның арқасында заңбұзушылықтарды қаржыны бөлу кезінде анықтап, жолын кесеміз.

Сондай-ақ кездесуде Nur Otan партиясының 18-съезінде Елбасы көтерген бастамалардың маңыздылығы атап өтілді. Қаражаттың тиімді игерілуін бақылау есеп комитетіне жүктелді.

Наталья Годунова, есеп комитетінің төрайымы:

– Елбасының қабылдауында есеп комитетінің жұмысын жан-жақты баяндадым. Президент кеше Nur Otan партиясының 18-съезінде көтерген бастамалары төңірегінде тапсырмалар берді. Олардың жүзеге асыруды биыл бастау аса маңызды. Қомақты қаржының игерілуі есеп комитетінің жіті назарында болады. Орталықтан жергілікті деңгейге дейін аудит пен бақылауды қамтамасыз етеміз.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз