Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады

0

Президентке ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары жөнінде баяндалды. Жаслан Мәдиевтің айтуынша, мемлекеттік басқаруды және басқа да салаларды цифрлық трансформациялау үшін институционалдық база қалыптасқан. Реинжиниринг міндеттемесі заң жүзінде бекітіліп, 600-ден астам бизнес-процесс қайта қаралған. Сондай-ақ GovTech платформалық тәсілі арқылы цифрлық трансформациялау үдерісі басталған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ AI-driven government экожүйесін қалыптастыру жолдары жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына отандық IT-компаниялардың экспорт нарықтарына шығу перспективасы туралы баяндалды.

Кездесу соңында Президент мемлекеттік басқару ісін сапалы түрде цифрландыру, халықаралық IT-алпауыттармен ынтымақтастықты жандандыру және экономиканың түрлі секторында жасанды интеллектіні одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

фото: akorda.kz