«Төбелескен». Жамбылда жасөспірім өлі күйінде табылды

0

Жамбыл облысында жасөспірім өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Adyrna.kz.

2024 жылы 13 мамырда Меркі аудандық орталық ауруханасынан полицияға тұрғын үйлердің бірінің жанынан кәмелетке толмаған баланың денесі табылғаны туралы ақпарат түскен.

Алдын ала болжам бойынша Мерке ауданында жергілікті автомектеп аумағында 10-сынып оқушылары арасында төбелес болған. Салдарынан бір бала қайтыс болды.

Жамбыл облыстық ПД қызметкерлері тергеу жүргізіп, кәмелетке толмаған тұрғынды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.

Сонымен қатар, күдіктіге қатысты суық қаруды заңсыз алып жүргені үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: Kozachkov телеграм парақшасынан