Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

0
27 Желтоқсан 2018, 20:15 101 0

Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылаудың құқықтық негіздерін айқындайтын жаңадан қабылданған «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы жүйкеге әсер ететiн заттар айналымы саласындағы мемлекеттiк бақылауды жетiлдiруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының айналысы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ