Мемлекет басшысы басы дауға қалған вице-министрді қызметінен алып тастады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Махамбет Абисатовты ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатты. Мемлекет басшысының жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды.

Абисатовтың орнына Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы болған Арыстанғани Заппаров тағайындалды.

Вице-министрге қатысты дау

Бұған дейін Желіде «На любой стрелке обосную» деп аталатын ролик жарияланған болатын. Оның сипаттамасында жазба Ақтөбе облысы полиция департаментіндегі жиналыста жасалғаны айтылады. Титрде жиынға қатысушылардың бірінің дауысы вице-министр Махамбет Абисатовқа тиесілі екені көрсетілген.

Тағы оқыңыз: Тоқаев екі министрлікте кадрлық ауыс-түйіс жасады 

Ер адам қызметкерлерге қарата былапыт сөздер айтқан.

Ішкі істер министрлігінде аудиожазба бойынша орынбасарға қатысты тексеріс басталды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев фоноскопиялық және филологиялық сараптама жүргізіліп жатқанын мәлімдеген болатын.  



sputniknews.kz