Путин және Лукашенко одақ мәселесін талқылау үшін тағы кездесті

0

Ресей президенті Владимир Путин 18 шілдеде Санкт-Петербургте Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Екі ел басшылары 1990 жылы қол қойылған, тек қағаз жүзінде ғана бар одақ жайлы келісім аясында әріптестікті дамыту мәселесін талқылады.

Соңғы айларда Путин мен Лукашенко интеграция мәселесін бірнеше рет талқылаған. Онда тараптардың құқықтары тең болуы жайлы айтылған.

Петербургтегі кездесу басында Владимир Путин Беларусьтің әрдайым «ең жақын әріптесі» болғанын атап өткен. Мәскеу мен Минскі арасындағы интеграция тереңдеп, екі ел арасындағы қарым-қатынасқа салқынын тигізген жайттардың ойдағыдай шешілетініне үміт білдірген.

Александр Лукашенко екі ел арасындағы даулы мәселелердің барлығы 8 желтоқсанға дейін шешілуі тиіс деген. Себебі бұл күн одақ құру жайлы келісімге қол қойылғанына 20 жыл толады.

Кездесуден кейін Беларусь президенті ақпарат құралдарына екі ел басшыларының бірқатар сұрақ бойынша келісімге қол жеткізгенін, олардың арасында газ мәселесі де барын айтқан.

Бір апта бұрын Беларусь Қытайдан 600 миллион доллар несие алу туралы келіссөз аяқталғанын, бұл қаржы Ресейге қарызды өтеу үшін жұмсалатынын айтқан.

Azattyq