Мектептердің жұмысына қатысты шешімді санитарлық дәрігерлер қабылдайды — БҒМ

Мектептердің жұмысына қатысты шешімді санитарлық дәрігерлер қабылдайды.
Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари екінші тоқсанның басталуына қатысты брифингіде осылай мәлім етті.
«Біз білім саласына жауапты министрлік ретінде, әрине, балалардың мектеп қабырғасында білім алып, дәстүрлі форматта оқығанын қалаймыз. Дегенмен, басты назарда – балаларымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы.
Мектептердің жұмысына қатысты шешімді санитарлық дәрігерлер қабылдайды (Денсаулық сақтау министрлігі), біз сол талаптарды орындауымыз керек», – деді Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари екінші тоқсанның басталуына орай өткен брифинг барысында.
Еске сала кетсек, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мектептерде жаңажылдық іс-шаралар өтпейтінін мәлімдеді.