Мектеп оқушысын өзенге апарып, тұншықтырып өлтірген төрт күдікті ұсталды

0

Ресейдің Краснодар өлкесінде 16 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды.

23 қазан күні 19 жастан 23 жасқа дейінгі күдіктілер мектеп оқушысын автокөлікпен Енисейге алып келген. Жастар арасында кикілжің басталып, жігіттер қызды тұншықтырып тастаған. Өз қылмыстарын жасыру үшін олар оқушының денесін қойнауға лақтырып жіберген, ал үстіне қоқыстар мен бұтақтар тастаған.

Қыздың жоғалып кеткенін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор анықтаған. Марқұмның жанұясы мұқтаж болған, ал анасы қызын бірнеше күн бойы көрмеген. Ол қызымен хабарласа алмағандықтан, іске полиция араласқан.

4 қараша күні марқұмның денесі азаптау белгілерімен Коркинский көпірінен табылды. Аталған факті бойынша РФ ҚК 105- бабы 1- бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

nur.kz