Мектеп мұғалімі купальник киіп түскен суреті үшін жұмысынан қуылды — Қазақстан жаңалықтары
Ресейде орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Татьяна Кувшинникова жабық купальник киіп түскен суреті үшін жұмысынан айырылған. Ол қысқы жүзу федерациясының мүшесі болып табылады.
Бұл туралы «Тайга-Инфо» басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Басылым мәліметінше, Барнауылдағы № 13 мектепте жұмыс істеген Кувшинникова купальникпен түскен суреті желіде тарағаннан кейін мектеп директоры қысым көрсетіп, суретті «мектептің беделіне түскен дақ» деп бағалаған. Ол мұғалімнің өз еркімен жұмысынан кетуін талап етіпті. Кувшинникованың ата-анасы оған қолдау көрсеткенімен, мұғалім мектептегі жұмысынан кетті.
Белгілі болғандай, сурет «Ақ аюлар» аталатын қысқы Универсиаданы қолдау мақсатында өткізілген науқан кезінде түсірілген екен. Онда Кувшинникова жабық спорттық купальник киген және мақтау қағазын ұстап тұр.
Кувшинникованы ақпан айында да жүзуден жарыс кезінде түскен суреті үшін жұмысынан қумақ болған еді. Ол кезде әйел купальниктің сыртынан көйлек киген. Алайда ата-анасы мектеп директорының үстінен қуыным беріп, мұғалім жұмысын сақтап қалған еді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz