Жас географ слайд, презентация – География

0
221

Жас географ слайд, презентация

     Қазіргі таңда ғылымның барлық салаларының жедел дамуы, техникалық прогресс, акселерация ықпалы оқушының терең теориялық ойлануына қабілеттілігін арттырып отыр. Ал ұстаздың міндеті оқушылардың даму мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, жас ерекшелігіне сай ақыл ойды дамытудың жоғары деңгейіне жету. Сондай игі мақсатты көздеген бүгінгі біздің  география пәнінен сыныптан тыс сабағымыз болмақ.
1. Топ басшыларына сұрақ
2. Дұрыс-бұрыс білім минуты
3. Тапқыр топ
4. Бейне сұрақ
5. Ғажайып төрттік
6. Астаналар сайыста
7. Жұмбақ шешіп көрейік
8. Жас картограф
9. Пәндер байланысы
10. Ең,ең.ең…
II топ капитанына қойылатын сұрақтар:

1. ҚР рәміздері қай жылы қабылданды? 
 2. Қазақстанның тұңғыш астанасы қай қала? 
 3. ҚР қанша ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады? 
 4. Қазақстан жер бедерінің ең төменгі нүктесі. 
 5. Жоңғар Алатауы мен Іле өңірін зерттеген, Балқаш пен Алакөлдің ұқсастықтарын дәлелдеген тұңғыш қазақ географы кім?
 6. Геологиялық жыл санау бойынша неше эра бар?
  7. ҚР тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет. 
 8. Қазақ КСР – і қай жылы құрылды? 
 9. 1837 – 47 жылдардағы ұлт – азаттық көтерілістің басшысы кім?
 10. 2009 жылы халық санағы бойынша ҚР халқының саны қанша болды?

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!