Мекке коронавирусқа байланысты қаңырап қалды – Қазақстан жаңалықтары

0
39

Меккедегі Үлкен мешітінің орталық ауласы коронавирусқа байланысты дезинфекциялаудан өткендіктен, қаңырап қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

МеккеҒаламторда жарияланған видеолар мен суреттерде Қағбаның айналысында тазалаушылардан басқа ешбір адамның жүрмегенін байқалады.

Бұл жағдай коронавирустың Сауда Арабиясына жеткендігіне тікелей байланысты. Қазіргі таңда аталмыш мемлекет індетке шалдыққа бес адамның тіркелгені жайлы ресми ақпаратпен бөлісті. Олардың барлығы Ираннан оралған азаматтар екен.

Алғашында жұқпалы ауруға мән бермеген ел үкіметі кейіннен, тіпті, жұма күнгі намазға мешіттерде жаппай жиналуға тыйым салыпты. Діни орындардың барлығы дезинфекцияланып, түрмеде аурудың таралуына жол бермеу үшін, 54 мың сотталған азаматтар босатылыпты.

Сондай-ақ ел үкіметі қағаз ақша қолданбауға кеңес беріпті.

stan.kz