Home Жаңалықтар «Мейрамбек Бесбаев желіде жүрегін елжіреткен әжейді тауып сөйлесті (видео)

«Мейрамбек Бесбаев желіде жүрегін елжіреткен әжейді тауып сөйлесті (видео)

0
3207

Мейрамбек Бесбаев өзіне желі арқылы сәлем айтқан әжемен телефон арқылы сөйлесті. Әжейдің тілеуі, әншінің қарапайымдылығы елді сүйсіндірді. Бұған дейін желіде кең тараған әзіл видео жалғасын тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мейрамбек Бесбаев желідегі әжейді іздеп тапты. Қызылордалық әжей бұл жолы әншінің өзімен сөйлесіп, көңілі жайланды.

«Мейрамбек, ауырма. Сені тілеуіңді тілеймін. Менің жасыма жет. Өмір жасың ұзақ болсын. Сенің амандығыңды тілеймін», – деді әжей.

Бесбаев әжейдің өзіне де ұзақ ғұмыр мен бақ-береке тіледі.

«Өзіңіз де ауырмаңыз. Балаларыңыздың қызығын көріп, ортасында аман-есен жүре беріңіз. Мен жазылдым. Менде бәрі жақсы. Мені уайымдамаңыз. Құдай қуат берсін», – деді әнші.

Мейрамбек мырза әжейден тұратын мекенжайын анықтап сұрап алды.

«Анаңа қоңырау шалдың ба? Апамның ақ тілегінің жалғасы. Жүрегі кірлемеген, жаны жайсаң жандардың бары қандай тамаша. Көңілі таза адамның, тілі таза. Бес күндік жалған өмірде бір-бірімізбен сыйласып, жақсы көріп өткенге не жетсін. Аман болыңыздар», – деді Бесбаев.

Өзге де әншілер мен желі қолданушылары бұл сұхбатқа сүйсініп, алғысын айтып жатыр.

«Бір жылап алдық. Аман болыңыз, әже. Қазақтың Мейрамбегі. Ауырма, жүз жаса», – деп жазды тележүргізуші Мәдина Балғабаева.

«Бізге де ардақты әже болуды Алла жазсын!», «Керемет балаша куанып калды-ау апамыз сізді көріп. Алдыңғы видеоны көріп жүдеп калып едім. Мынаны көріп марқайып қалдым ғой. Алла қазақтың маңдайына біткен асыл азаматтарымызды аман атсін. Алла 100 жас берсін», «Мейрамбек десе Мейрамбексің ғой, Қазақтың Мейрамбегі. Сен нағыз халықтың әншісісің. Осы биігіңнен түспе. Қарапайымдылығың – сенің биігің», – деп жазды желідегілер.