Мейрамбек Бесбаев: «Музарттың» маған тигізген зияны бар (видео)

0

«Музарт» тобының әншілері «Жақсы адамдарым» бағдарламасында қонақта болып, естеліктерін бөлісті. Мейрамбек Бесбаев бағдарлама барысында топтың өзіне тигізген зияны жоқ емес екенін айтты, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

«Мына жерде отырып бір-бірімізді мақтағаннан ештеңе шықпайды. «Музарттың» маған тигізген бір зияны бар. Айтсам бола ма? Мені кейде жеке тойларға шақырады. Маған әннің сөздерін жаттауым қиын. Ол неге десем, әбден «Музартта» бір шумақ өлең жаттап үйреніппін. Бірінші шумақты мен айтамын. Соны ғана жаттап аламын, ары қарай жігіттер алып кетеді. Топтың сондай зияны бар енді», — деп күлді Мейрамбек Бесбаев. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін топ әншісі Кенжебек Жанәбілов «Музартқа» қалай келгенін айтып берген болатын.