Медицина қызметкерлері Президенттік тестілеуден норматив тапсырды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда медицина қызметкерлері Президенттік тестілеуден нормативтер тапсырды. Шара №1-ші клиникалық ауруханада өтті.
35 жылдық тарихы бар №1-ші клиникалық ауруханың қызметкерлері, еліміздің мединицалық ЖОО-ның резиденттері мен студенттері, шетелден келген тәлімгерлер барлығы 150-ден астам қатысушы төрт түрлі спорт түріне қатысып, алдына қойылған межені бағындыруға тырысты.
«Олар 100 метр қашықтыққа жүгіріп, ұзындыққа секіріп, кеудені жерден көтеру мен граната лақтыру нормативтерін орындады. Үздік болғандар аурухана әкімшілігі әзірлеген алғыс хаттар, медальдар мен кубоктар, естелік сыйлықтарға ие болды» — дейді ұййымдастырушылар.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ