Головкин Қарағандыда спорт кешенін салдырып бермек

0

Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин өзінің туған өңірі Қарағандыда спорт кешенін салып беруге қол ұшын созбақ. Бұл туралы облыс әкімі Ерлан Қошанов хабарлады.

«Біздің жерлесіміз Геннадий Головкин көлемі 5500 шаршы метр болатын көп функционалды спорт кешенін салады» деді Қошанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Головкин 2017 жылы Қарағандыда өзінің атындағы денешынықтыру-сауықтыру спорт кешенін ашқан. Оны салу үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінген. Кешен боксшы туып-өскен мекен Майқұдықта орналасқан. Үш қабатты кешеннің ішінде 25 метрлік бассейн, ауыр атлетика, бокс салы және әмбебап ойын залы бар. Головкин атындағы кешенде балалар тегін жаттығу жасайды.

Абай Аймағамбет