Меценат Бауыржан Оспанов: Ауылды жамандаса намысыма тиеді

0

Отандық кәсіпкер Бауыржан Оспанов «қылмыстың көбін ауылдан келген жастар жасайды» деген пікірмен мүлдем келіспейтінін айтты.

«Қылмыс көбейді деп барлығын ауылды жерге жабады. Соның бәрін ауылдан келген жастар жасап жатыр деп. Менің намысыма тиеді. Өзім де ауылдан шыққанмын. Қай ұлт болсын, қазақ болсын, орыс болсын бәрі ауылдан шыққан. Ауыл жай ғана ауыл емес, инвестиция келсе мемлекетті өніммен қамтамасыз ететін мекен», — деді ол отандық бағдарламалардың бірінде.

Сондай-ақ, ол осы күнде шетелге экспорттайтын өнімдердің барлығы ауылды жерлерде әзірленіп жатқанын айтты.

«Екі жыл ішінде Жапонияға жылқы етін жібердік. Балымызды да Жапонияға немесе БАӘ-ге жіберіп жатырмыз. Заңды бизнеске қолайлы ету керек. Бәрі ақшамен шешілмейді. Білімді жастардың қатарын көбейту қажет. Оның үстіне нақты жұмыскерлеріміз ауылда», — деп қорытты сөзін Бауыржан Оспанов.