iPhone 12 гаджетінің өз бағасы белгілі болды

0

Nikkei Fomalhaut Techno Solutions порталымен бірігіп жаңа шыққан iPhone 12 смартфонына баға берді. Сондай-ақ, олар өнімнің өз бағасын атады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Өндіруші гаджет жабдықтарын $373 долларға сатып алады. Құрылғының ең қымбат бөлігі – 70 доллар тұратын OLED-экран болып шықты. Екінші орында — бағасы 40 долларды құрайтын A14 Bionic процессоры, ал үшінші орында – 19,2 доллар тұратын оңтүстіккореялық Samsung  вендоріне тиесілі жады. Камера жүйесіне арналған Sony CMOS-сенсорының бағасы 7,4-7,9 доллар аралығында.

Apple ресми дүкенінде жады 64 ГБ болатын iPhone 12 бағасы 799 доллардан басталады. Осылайша жаңа гаджеттен келіп түсетін ақшаның тең жартысы жарнама, логистика және басқа аспектілерге жұмсалады.