Мәжілістің экс-депутаты: Қазақстанда “Көлеңкелі үкіметті” тұншықтырмау керек
Өзінің жаңа партиясын құруды көздеп жүрген экс-депутат Нұржан Әлтаев Қазақстанда да Ұлыбритания сияқты “көлеңкелі үкімет” құру керек деп санайды. Оның айтуынша, сайлауда қай партия жеңсе, министрлер кабинетін жасақтайды, ал жеңілген партиялар “көлеңкелі министрлікті” бекітеді.
Бұрынғы депутаттың сөзін ешкім елемес еді. Алайда сайлаудан кейін, жақында тараған үкімет тура бұрынғы үкімет сияқты ескі құрамымен қайта жасақталған соң, елдің билік басындағыларға деген өкпесі өршіп кетті. Министрлер кабинетінде еш өзгеріс болмаған соң экс-депутаттың сөзіне ел еріксіз назар аударды,- деп жазады ia-centr.ru сайты.
Мәселен Әлтаевтің айтуынша, Ұлыбританияның тәжірибесінде сайлауда жеңіске жеткен партия өздері министрлер кабинетін жасақтап алады. Ал жеңілгендер “көлеңкелі министрлік” құрады. Осылайша, қоспартиялық парламентте екі түрлі үкімет бір-бірімен алмасып жұмыс істеп тұрады. Біреуі отставкаға кеткен кезде, балама кабинет өз ісін жалғастыра береді. Бірақ сол “көлеңкелі үкімет” мемлекеттен қаржыландырылып тұруы керек деп санайды. Бұл формат іс жүзінде тек ағылшындар арасында және Ұлыбританияның кейбір бұрынғы колонияларында дамыған.
Бүгінде Қазақстанда оппозициялық көзғарастағы партия жоқ. Ал, сайлауда жеңіліп, наразылық танытқан партиялардың басын қосып балама үкімет жасақтау өте қиын жұмыс. Мәселен, Әлтаев Қазақстандық қоғамдық белсенділермен Киевке барып, Михаил Саакашвилимен кездесіп қайтты. Сол жиында Нұржан да тәжірибе алмасты. Тіпті Украинаның өзінде де, талай мәрте “көлеңкелі үкімет” құрылғанымен, ол “анау” айтқандай табыс әкелмепті.
Алайда, Әлтаевтің идеясына түсініктеме берген ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев елімізде партиялық және қоғамдық құрылымдарды құруға ешкім кедергі жасамайтынын айтты. Бірақ олардың білімділігі мен белсенділіктері басшылық етуге сай келеді дегенге сенбейді.
Бұл бастама тік емес, көлденең болуы керек екен. Алайда, қазақстандық элитаның қайсысы диссидент мәртебесін алу қауіпінсіз мұндай жобаны жүзеге асыра алады? Үлкен бизнесің болуы екіталай.
Дегенмен Қазақстан тарихында түрлі көлденең форматтағы дүниелер жүзеге асқан. Мәселен экс-премьер Әкежан Қажыгелдин өз уақытысында Конгресс өткізіп, мықты демократиялық күштер мен саясаткерлердің басын қосқан. Сосын Т. Жүкеев те “Ақжол”, “Нағыз Ақжол” сияқты партияларды құрып, балама заң шығара алатын орган ретінде өздерін дәлелдеген.
Алайда, қазақстандық бизнес тек саясатпен айналысып, оппозициялық партияларды қаржыландыруға қауқары жетті. Бұрынғы және қазіргі шенеуніктер, депутаттар, олардың көпшілігінде аппаратта да, заң шығаруда да тәжірибесі бар адамдар «балама жолға» түсті. Бүгінгі күні «көлеңкелі үкімет» жобасы саяси элитаның бір бөлігі туралы идея болып қалды және оның мақсаттары әртүрлі.