Мәжіліс депутаты ең жас министрге: Сұрақтарға ана тіліңізде жауап бере алмағаныңыз ұят

0

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевке сұрақтарға ана тілінде жауап бере алмағаны үшін шүйлікті.

Мәжіліс отырысы кезінде министр барлық қазақ тілінде қойылған сұраққа орыс тілінде жауап берген болатын.

«Мәжіліске бірінші рет келгеніңізді ескеріп, сізге бір ауыз сөз айтуға рұқсат етіңіз. Сіз қазақ тілінде қойылған барлық сұраққа рұқсат сұрамай, орыс тілінде жауап бердіңіз. Жасыңызға қарамастан, сіз 18 миллион адамның ішінінен министр болуға лайық деп таңдалдыңыз.

Сізді тәуелсіздіктің құрдасы деп атауға болады. Мен сіздің ана тіліңізде жауап беруге дайын болмауыңызды ұят деп санаймын. Мен сізден ана тілінде қойылған сұрақтарға ана тілінде жауап беруіңізді сұраймын», — деді депутат Берік Дүйсембинов.

Еске салсақ, Әсет Ирғалиев 2021 жылғы 18 қаңтарда ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Ол ең жас қазақстандық министр, 34 жаста.