Мәжіліс депутаттығына кандидат Айбек Барысов Склярға отставкаға кетуді ұсынды

0

Еліміздің энергия жүйесіндегі жүйелік проблема, Барысовтың пікірінше, бұл нақты бір тұлғалардың кінәсі.  

«Біз қазір Екібастұздағы кезекті апатты көріп отырмыз. Яғни, проблема жүйелі болып табылады және оған нақты адамдар, оның ішінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Скляр мырза кінәлі болып табылады.

Мен үкіметтегі қатысы бар адамдарға, ең алдымен, Склярға отставкаға кетуді ұсынамын», – деді Барысов.

Екібастұз ЖЭО-да апат бір күн бұрын болған. Адамдар электр жылытқыштарымен жылытып, бір күннен артық жылусыз отырды. Қазіргі уақытта, Энергетика министрлігінің хабарлауынша, жағдай тұрақталды.

фото:nur.kz