Мәулен Әшімбаев бес баланың өлімі жайлы: Өкініштен өзегіміз өртенеді — новости Казахстана

0

Астана қаласында бір үйдің бес бүлдіршіннің өмірін қиған қайғылы оқиғадан кейін «Нұр Отан» партиясы жанынан «Балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес» құрылатын болды. Бұл туралы бүгін партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Facebook парақшасында мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Астанадағы бес баланың өлімі: Қайғылы оқиғадан кейін мәселені қолға алды

Фото: obk.kz

«Расымен, бес бірдей бүлдіршіннің қапыда қаза болуы тұтас халықтың қабырғасын қайыстырып жіберді. Өкініштен өзегіміз өртенеді. Бірақ амал жоқ. Енді осындай қасіреттің қайталанбауы үшін әрекет етуіміз керек», — деді Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаев бұл жайт қоғамдағы кейбір өзекті мәселелердің кезек күттірмей шешу керектігін көрсетіп отырғанын жеткізді.

Халықтың жәрдемақы, баспана мәселесіне қатысты айтып, жазып жатқан сөздері орынды екенін атап айтты.

«Осыған орай «Нұр Отан» партиясы бұл бағыттарда нақты ұсыныстар дайындауда. Алдағы уақытта сол бойынша үкіметпен бірлесіп жұмыс істеп, жағдайдың жақсаруына өзіміздің үлесімізді қосамыз. Партия жанынан «Балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес» құру туралы шешім қабылданғанын жеткізгім келеді. Осы бағытта да бүкіл қоғам болып жұмылып, өскелең ұрпақтың жарқын болашағы жолында бірлесіп жұмыс істейік», — деді партия төрағасының бірінші орынбасары.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар

Дереккөз: kaz.nur.kz