Әкесі ислам дінін қабылдаған неміс: Қарақат Әбілдина 5 қызынан айырылған отбасы жайлы айтты

0

Астанада өртке оранып, көз жұмған 5 қызды ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне мыңдаған елордалықтармен бірге әнші Қарақат Әбілдина да қатысып қайтты. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында алған әсерімен бөлісіп, қайғыдан қан жұтып отырған отбасы жайлы айтып берді, деп жазады Stan.kz.

 

“Қайғылы оқиға болған жерге барып, көзбен көріп, кішкентай ғана үйшікте 7 адам қалай өмір сүрген деп таң-тамаша болып келе жатырмын. Бес бірдей құлыншақты ақтық сапарға шығарып салдық. Өте көп адам жиналды.

Тәңірім алдынан жарылқасын, ата-анасына шапағатшы болсын. Әкесі неміс, бірақ мұсылман дінін қабылдаған, анасы қазақ. Осы Ақмола өңірінен, жергілікті астаналықтар екен”, – дейді әнші.
Бұдан өзге, Әбілдина барша ата-аналарды осы оқиғадан сабақ алып, балаларын жалғыз қалдырмауға шақырды.

“Баламызбен сынамасын деп айтады ғой. Осы болған жағдай барлығымызға сабақ болсын. Абай болайық, сақ болайық. Балалардың өздерін тастамайық”, – дейді Қарақат.

Еске сала кетсек, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген. Олардың ең кішісі – небәрі 3 айлық. Түнде олар тірідей өртеніп кеткен кезде, ата-анасы жұмыста болған.

Бүгін марқұмдардың денесі жер қойнына тапсырылды. Жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды.

Марқұмдардың анасының реквизиттері: 

Kaspi GOLD 5169 4931 5217 1321
ИИН 860806451497