Мәулен Әшімбаев АҚШ елшісімен кездесті

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Тараптар екі ел арасындағы экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси қарым-қатынас мәселелері бойынша пікір алмасты  

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесті, деп хабарлады парламенттің жоғары палатасының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси қарым-қатынас мәселелері бойынша пікір алмасты.

Тоқаев: Қазақстанда АҚШ әскери базасын салу мәселесі талқыланбайды 

«Сенат төрағасы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын заңнамалық қамтамасыз етуге бағытталған палатаның жұмысына тоқталып, мемлекет басшысының жаңғыртылған жалпы күн тәртібін сөз етті», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев Қазақстанның демократиялық үдерістерді дамытуды жалғастыруға ниетті екеніне баса мән беріп, екі елдің парламент өкілдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.



sputniknews.kz