Матч кезінде «Астана Аренаның» шатыр опырылып түсті

0
ҚПЛ бірінші турындағы «Астана» мен «Шахтер» кездесуінің екінші таймында стадионның төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.ru сілтеме жасап.

Жанкүйерлердің ешқайсысы зардап шекпегені хабарланды. Қауіпсіздік қызметі барлық жанкүйерлерді шатыр сынықтары құлаған N2 секторынан алып шықты.

«Астана Арена» – еліміздегі ең үлкен стадион.  Стадионда Қазақстан құрамасының матчтары мен қазақстандық командалардың еуропалық жарыстардағы кездесулері тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Құрылыс құны шамамен 200 миллион долларды құрайды.

Еске салайық, «Астана» Премьер-лиганың бірінші турындағы «Шахтерге» қарсы ойында ереже бұзды, осыған байланысты команда техникалық жеңіліс алуы мүмкін.