Матаевтар қылмыстық істің “тапсырыс” екенін дәлелдемек
Биліктегі бір дөкейдің Сейітқазы Матаев ағамыздың иелігіндегі “ҚАЗТАГ” халықаралық агенттігіне көзі түседі. Ол — сұрайды, бұл — бермейді. Бопсалайды — оған көнбейді. Дегені бола қоймаған лауазым иесі диктаторлық жүйе саяси күрескерлер мен адал бизнесмендерге қарсы кеңінен қолданылатын қазақстандық “ноу-хау” тәсілді іске қосады:
Компанияға тексеріс жібереді, бухгалтериядан бір “изьян” табады. Сөйтіп Сейітқазы Матаев пен ұлы Әсеттің үстінен қылмыстық іс қозғап, біреуін 6, екіншісін 9 жылға соттатып жібереді.
Кейінен бұл іс қоғамда кең резонанс туғызып, әкелі-балалы екеуге күллі қоғам араша түскен соң, қылмыскер жүйе “аяғын тартып” , Матаевтарды мерзімінен бұрын шартты түрде түрмеден босатқаны естеріңізде шығар.
Бүгін ақжолтай хабарды есітіп қуанып отырмын. Матаевтар өздеріне қарсы қозғалған қылмыстық істің “тапсырыс” екенін, сот шешімінің әділетсіз екенін және
өздерінің ақ-адал екенін дәлелдемек болып, істі қайта қарау үшін бүгін Жоғарғы Сотқа арыз түсіріпті. Ардақты ұстазымыз Сейітқазы Матаев пен ұлы Әсет толық ақталып шығуға үміт бар.Бұл — тағдыры қорланған бір ғана отбасының мысалы. Ал жемқор жүйенің қиянатын көріп, өмірі өксіп өткен біз білмейтін тағдырлар қаншама…
Дина Елгезектің жазбасы