Мәскеулік маугли-қызды журналистер видеоға түсірді

0

Қоқысқа толы пәтерде тұрған қыз қоғамда өмір сүруді үйреніп жатыр   

АСТАНА, 19 наурыз — Sputnik. Мәскеуде қоқысқа толып кеткен пәтерден табылған қыз ауруханаға жатқызылып, біраз уақыттан кейін журналистер оның жағдайы қаншалықты өзгергенін көріп қайтты.

Видеода қыз ойыншықтармен ойнап, сөйлей алмаса да, медицина қызметкерлерімен тілдесуге әрекет жасап жатқанын байқауға болады. 

Қыз бір апта бұрын Ленинград шоссесіндегі пәтерден табылды. Көршілері бірнеше күн бойы баланың жылаған дауысын естігеннен кейін полиция шақырған. Есікті бұзып кіргендер есеңгіреп қалыпты – үйдің едені ескі-құсқы мен қоқысқа толып, қабырғалары мен терезелері кір-қожалақ күйде болған. Пәтерден табылған бес жасар қыз адамдармен дұрыс сөйлесіп, қарым-қатынас жасай алмайды. Күтімсіз қалғаны соншалық, мойнындағы алқасы терісіне жабысып өсіп кетіпті. 

Көршілердің айтуынша, қыздың анасы үйіне бірнеше күннен бері келмеген. Қыз осы уақыт бойы ас-сусыз қалған болса керек.  

    



sputniknews.kz