Бізді пайдаланады да лақтырып жібереді

0

«Таяу Шығыстың Швейцариясы» атанған Ливанның аянышты тағдыры…

Таяу Шығыста, Жерорта теңізінің бойында Ливан деген ел бар. Ешқандай ресурстары болмаса да, халықтың, адамдардың білімі, жаңашылдығы арқасында экономикалық-қаржы саласында көштің алдында болды. 1975 жылға дейін ІЖӨ, қаржы институттары, адам индексінің дамуы бойынша сол елдерден бірінші тұрды.

1975 жылы осы елде азамат соғысы басталды. Оның негізгі себебі, көршілері Израиль, Сирия, Иран, сол кездегі Ұлы державалар АҚШ және КСРО бұл мемлекетті осы түйіні күрделі күрмелген аймақта өзінің геосаяси мүдделері үшін пайдаланғысы келді.

Ливан лезде христиан, мұсылман шеиит, мұсылман суннит болып бөлініп, бір-бірімен соғысып кетті.

Көршілері бұл процесске жасырын қол шапалақтап, сүйсініп қана қойған жоқ. мемлекетті секторларға бөлуге итермелеп жіберді.

Қазір жартылай тәуелді, ішкі саясатын басқа елдер шешіп отыратын бейшара қалдегі жартылай мемлекет.

Қазақ, өз қотырын өзі қасуы керек, сырттан көмек іздеп, сыртқы күштерді қазақтың мәселесін шешуге пайдалану бос әурешілік.

Осы «қазаққа мен көмектесе қояиын, деген» сыртқы күштер жоқ. Барлығының өз ұпайы, өз мүддесі бар.

АҚШ-тың немесе, Ресейдің бізді сағынып, басымыздан сыйпайды деген бос елес. Қытайда солай.

Біз, осылардың ішінде, өзіміздің ұпайымыызды есептеп отыруымыз керек.

Негізгі мәселе осы.

Америка Қытайдағы қазақты жарылқайды деген адамдардың құлағына алтын сырға.

Бізді пайдаланады да лақтырып жібереді.

Тарихта мұндай жағдай көп болған…

Жоңғардың кезінде, қазаққа қарсы жоңғарды Ресей де Қытай да пайдалануға тырысты…

Өкінішке орай, қазақты мүсіркейін, аяйын деп отырған ешкім жоқ…

Аяғында, өзіміздің проблеманы одан ары қарай шиеленістіріп алып, өзіміз қаламыз.

Erlan Sairov

Фейсбуктегі парақшасынан

Көрілген: 10    Пікірлер: 0