Мәскеуде 12 қабатты ғимарат опырылып құлады

0
120
Мәскеуде 12 қабатты ғимарат опырылып құлады


Ресей астанасында бизнес-орталық опырылып түсті.

Оқиға кеше, 23 қараша күні болды. Ярославский тас жолының бойында орналасқан «Северянин» бизнес орталығы адамдардың көз алдында опырылып түскен.

Куәгерлердің айтуынша, бизнес -ортылқты бөлшектеумен арнайы жұмысшылар айналысып жатқан. Ғимарат жолда автокөліктер кетіп бара жатқанда құлаған. Айнала лезде шаң болып, түк көрінбей кеткен. Қазіргі уақытта қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.