Мәсімовтің Өтемұратовты өлтіртпек болғаны рас па?

0

ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты қылмыстық ісі тергеліп бітіпті. Қазір олар іспен танысып жатқан көрінеді.

Алайда, мемлекеттік төңкеріс пен қаңтар оқиғасына қатысы жоқ тағы бір қылмыстық істі бөлек өндіріске алғаны туралы хабар тарады.

«Нурсултанский соловей» телеграм-каналының жазуынша, Мәсімовті тергеу жалғасып жатыр. Оған «олигарх Болат Өтемұратовқа қастандық жасамақ болды» деген айып тағылған.

«Мәсімовке «Өтемұратовқа қастандық жасамақ болды» деген айып тағылған.

2020 жылы Мәсімов қастандықты қарамағындағы күштер арқылы ұйымдастырмақ болыпты. Өтемұратовты өлтіру жоспары жасалғанымен, іске аспай қалған.

Өйткені олигархтың бизнес-активтерін тартып алу ол кезде мүмкін болмаған, сол себепті де қастандық жасау уақытын бірнеше рет ауыстырған.

Осы қылмыстық іс аясында Мәсімовке «мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды» деген айып бойынша біршама жеңілдеу жаза қолдану туралы келісім жасалуы мүмкін. Оның өтеуіне Мәсімов тергеуде Өтемұратовқа қатысты түсініктеме беріп, жиған-терген компроматтарымен бөлісуі керек», – деп жазды телеграм-канал.

Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеу тым созылып кеткені, әлі сотқа түспей жатқаны осындай қосымша істердің «құлағи қылтия» беретінінен болса керек.

Тұрақты оқырманымыздың айтуынша, олигарх Б.Өтемұратов 2019 жылдан бері жеке күзетін күшейтіп, аса қажеттілік болмаса Қазақстанға көп келмейтін болған көрінеді. Соған қарағанда, «сауысқаннан сақ» олигарх әлдебір қауіпті сезген болуы әбден мүмкін…

nege.kz