Түркияда Қазақстанға бет алған террорист ұсталды

0

Түркияның барлау басқармасының қызметкерлері терроризмге қарсы қызметпен бірлесіп, Стамбұл әуежайында «Кендал-Нумад Ахмет» атымен танымал белгілі террорист Серхат Озельді ұстады, деп хабарлады CNN Turk.com.

Жарияланымда хабарланғандай, Серхат Озель Күрдістан жұмысшылар партиясы террористік ұйымының көшбасшысы Дуран Калканның оң қолы болып есептеледі.Калканға азаматтық тұлғаларды өлтірді деген айып тағылған. АҚШ билігі оның жүрген жерін хабарлаған адамға 3 миллион доллар сыйақы жариялаған.

Серхат Озельдің қолында Иран азаматының жасанды төлқұжаты болған. Осы төлқұжатпен ол Қазақстанға ұшып кетпек болған.

Күрдістан жұмысшылар партиясы көптеген елде террористік ұйым болып есептеледі. Ол 1970 жылдары Түркияның оңтүстік-шығысында этникалық күрдтер орналасқан аумақтың тәуелсіздігі үшін күресетін ұйым ретінде құрылған.