Мас жігіт терезеден тастап жіберген 3 айлық баланы куәгер қағып алды
Қысқа сілтеме алу
Кездейсоқ өтіп бара жатқан жүргінші терезеге жүгіріп барып, баланы қағып үлгерген
НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым — Sputnik. Оқыс оқиға Ресейдің Свердловск облысында болды, куәгер мас жігіт терезеден лақтырып жіберген бөбекті құтқарып қалды.
6 маусым күні кешке жас жігіт қонаққа келіп, ішімдікке сылқия тойып алғаннан кейін танысының үш айлық ұлын бірінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Бұл туралы Ресей Федерациясының Свердловск облысы бойынша тергеу комитетінің сайты хабарлады.
Оқиға болған кезде баланың анасы дүкенге шығып кеткен, ол сәбиді ішкен еркекпен бірге қалдырған.
Баланы тастап жіберген пәтердің терезесі
Кездейсоқ сол маңнан өтіп бара жатқан жүргіншінің арқасында бала жарақат алмады. Қырық төрт жастағы ер адам терезенің шағылған дауысын естіп, не болғанын білу үшін жүгіріп келген. Ол жас жігіттің бірінші қабаттағы пәтердің терезе алды тақтайына шығып, қолындағы баланы тастайын деп тұрғанын көрген. Куәгер терезеге қарай жүгіріп, сәбиді қағып үлгерген. Әрі қарай баланы ауруханаға жеткізген, сәби еш жарақат алмағандықтан үйіне шығарылды.
Тағы оқыңыз: Әкесі терезеден лақтырып жіберген сәби хәл үстінде жатыр
Баланы тастап жіберген жас жігіт ұсталды. Оған РФ Қылмыстық кодексінің «Баланы өлтіруге оқталу» бабы бойынша айып тағылды. Тергеу ер адамның неге мұндай қадамға барғанын анықтауға кірісті.
Сондай-ақ қазір баланың отбасында одан әрі қалып-қалмау мәселесі қаралып жатыр. Бөбекті құтқарған ер адамға сыйлық жасау жоспарлануда.
sputniknews.kz