Соққыға жығылған журналист ісіне қатысты полиция тексеру бастады

0

Алматы қаласының полиция департаментінің хабарлауынша журналист Ш Алхабаевтың соққыға жығылуына қатысты қызметтік тексеру басталған.

«Полиция департаменті бұл фактіге қатысты жауапкершілікті мойнына алады және істің объектиівті қарлауына кепілдік береді. Дегенмен, бұған қоса, рұқсат етілмеген митинг пен тәртіпсіздіктерден хабар тарату кезінде БАҚ өкілдері қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударуы керек. Бұл ержелер алдымен журналистердің өздерінің қауіпсіздігіне бағытталған. Қарбалас кезінде медиа өкілін құжаттарын тексеріп тұрмай-ақ сыртынан бірден көрініп тұратындай атритутикасы болуы керек. Бұл туралы бұған едйін ІІМ басшылығы бірнеше рет ескерткен. Соңғы жағдайда журналист Шоқан Алхабаев арнайы жилетсіз болған», -делінген 11 маусымдағы таратқан ақпаратта.

Қоғамдық тәртіпті бұзғандардың арасында арандатушылар көп болатынын атап өткен полиция, ішкі істер органдарының бірінші міндеті қылмыстық әрекет етуге ниеттенген адамдарды ұстап, бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін хабарлады.

Azattyq