Мас қыздар полицей мен қарияны соққыға жықты

0

Түркияда ішімдікке сылқия тойып алған үш бойжеткен қария мен полицейлерді ұрып тастады.

Антальяның Калекапы ауданында қыздар 80 жастағы қарияны өзін аңдыды деп соққының астына алды. Куәгер олардың бұл сәтте қатты мас болып, не істеп, не қойғанын білмей жүргенін айтты.

Мұнымен қоймай, қыздар дүкен иесі шақырған полицейлерге де жұдырық ала жүгірген. Оқиғаның қалай аяқталғаны белгісіз. Зейнеткер медициналық көмектен бас тартып, оқиға орнынан кеткен.