Марк Эспер АҚШ қорғаныс министрі болып тағайындалды

0
69

АҚШ сенаты қорғаныс министрі қызметіне 55 жастағы Марк Эсперді бекіту туралы ұсынысты басым көпшілік дауыспен мақұлдады. 90 сенатор Эспердің кандидатурасын қолдап, сегізі қарсы дауыс берді. Эспер – АҚШ президент Дональд Трамп қорғаныс министрі етіп тағайындаған екінші адам.

Өткен жылы желтоқсанда АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис президент Трамптың Сириядан АҚШ әскерін шығару туралы шешімімен келіспей қызметтен кеткеннен кейін оның орны бос тұрды.

2019 жылдың қаңтарынан маусымға дейін Пентагон басшысы міндетін атқарған Парик Шэнахан отбасына көбірек уақыт бөлгісі келетінін мәлімдеп, қорғаныс министрі қызметінен бас тартқан. БАҚ-тың жазуынша, АҚШ федералдық тергеу бюросы Шэнаханның отбасындағы әлімжеттік оқиғасын тексеруді бастағаннан кейін ол министр лауазымынан бас тартқан.

Марк Эспер бұрын АҚШ қорғаныс саласы бойынша үшінші орындағы мердігер саналатын Raytheon қару-жарақ компаниясының мүддесіне жұмыс істеген. Ол кіші Джордж Буш президент болған тұста Пентагонда қызмет атқарған. 2017 жылғы қарашадан бастап Армия министрі болған.

Бұдан бір апта бұрын сенаттың қарулы күштер істері жөніндегі комтитеті таңдауында сөйлеген кезде Эспер АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне Ресей мен Қытай қауіп төндіріп отыр деп мәлімдеген.

Azattyq